Русский Сайттың толық нұсқасы

20 сәуірден бастап кейбір өндіріс орындары жұмыстарын қайта бастайды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2020
  • 3326

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы кейбір өндіріс орындары 20 сәуірден бастап жұмысын қайта бастайды. Кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Бүгін төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Бір аптадан кейін құрылыс және өнеркәсіп, сондай-ақ қызмет көрсету сияқты бірқатар секторлар жұмысқа кіріседі.   Қызметті қайта жаңарту үшін санитарлық шаралардың сақталуы міндетті. Карантиннен шығатын кәсіпорындардың нақты тізімін мемлекеттік комиссия 15-ші сәуірде белгілейді.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 
Мемлекеттік комиссияның 13-сәуірдегі отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев карантиндік режим сәуірдің соңына дейін ұзарту қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, Үкіметкке, әкімдермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы шағын және орта бизнестің жұмысын біртіндеп жандандыру туралы нақты және атаулы жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл орайда санитарлық эпидемиялық шаралардың қатаң сақталуы қадағалануым қамтамасыз ету қажет.


А. Мүтәлі