Русский Сайттың толық нұсқасы

Болат Бақауов карантинде тағы да үйінде жататын болды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2020
  • 2138
Үй қамақта отырған Павлодар облысының бұрыңғы әкімі Болат Бақауовтың мерзімі ұзартылды. Экс-шенеунік енді 13-ші мамырға дейін "үй карантинінде" отырады. Бұл туралы Павлодар қаласының Мамандандырылған тергеу соты хабарлайды. Бұған экс-әкімнің өтініш хаты себеп болған. Өтінішті Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі мақұлдапты.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қылмыстық Кодекстің 362 бабы 4 бөлігі 3 тармағымен көзделген қылмысты жасауда күдікті Павлодар облысының бұрынғы әкімі Бақауовқа үй қамақ мерзімін 3 айға дейін ұзарту туралы өтініш хаты қанағаттандырылды. Бұл іс бойынша сот отырысы мобилді бейне конференция арқылы өтті.


Еске сала кетейік, Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен 15 қаңтарда 2 айға қамауға алынған болатын. Ақпанда денсаулығының нашарлауына байланысты ол үй қамақққа ауыстырылған еді.

Ө. Қуанар