Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жасұландықтар» соғыс және тыл ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2017
  • 2861

Болашақ офицерлер Қарттар күніне орай қарияларға тосынсый әзірледі. Ардагерлерге арнап республикалық «Жас Ұлан» мектебінің түлектері «жылы жүздесу» ұйымдастырған. Мерекелік бағдарлама аясында оқу орнында арнайы экскурсия өтті. Жинағандар сондай* ақ мерекелік концертті тамашалады. Қамкөңіл жандар үшін мерекелік дастархан жайылып, арнайы кәдесыйлар табысталды.

Кездесу «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қарттарым аман-саумысың?» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл партияның үлкенге құрмет көрсету тұрғысындағы ауқымды жобаларының бір бөлігі ғана.  Ата-апалар: «Жастармен жүздесіп, әңгіме дүкен құру арқылы бір серпіліп қалдық», -дейді.

Амантай Жарболсынов, «Жас Ұлан» республикалық мектебі басшысының орынбасары:

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен осындай үлкен шараға бет бұрдық. Бүгінгі таңда қарттар үйінен 22 атамыз бен апаларымыз келіп, мектебіміздің төрінде отыр. Осындай ақсақалдарымыздан бата алғанымызға өте қуаныштымыз.