Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзғаны үшін 2 мыңға жуық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2020
  • 2552

Ал, Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған 2 мыңнан аса тұрғын, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 166-сы қамауға алынса, мыңына айыппұл салынған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты. Дегенмен каратин кезінде қылмыс саны айтарлықтай азайыпты. Есесіне айыппұл автотұрақтары көбейтілген. Себепсіз жүрген 400-ге жуық көлік осында қойылған. Көлік қожайындарына қатысты іс сотқа жолданыпты. Сондай-ақ бас полицей демалыс кезінде ауылға кеткен балаларды үйіне қайтару тәртібін түсіндірді.

Ержан СӘДЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Балаларды, демалыстарын елордадан тыс жерде өткізген балаларды үйлеріне қайтаруға болады. Ол үшін бақылау-өткізу бекетіне баланың туу туралы куәлігін және ата-анасының осы қалада тұратынын растайтын құжаты болуы керек. Постта баланың дене қызуын тексереді. Бәрі дұрыс болса, 14 күн үйден шықпауға, яғни "үй карантинін" міндеттейді.

Сонымен қатар департамент басшысы балалардың үйдегі қауіпсіздігіне ата-ана жауапты екенін еске салды. Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, біреуі мерт болған. Соңғы кезде түнде тыныштықты бұзатындар да көбейгенін жеткізді. Кешкісін сағат 11-ден кейін терезеден және балконнан ән айтатындарға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Ержан Сәбденов көшеде медициналық масканы тағып жүруге кеңес береді. Ол - карантин режимі, - деді. Егер адам ауырғанын біле тұра маска тақпаса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік болатынын айтты.
 
Ә. Өмірзақ