Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады, Ұлттық Банк

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2020
  • 2837

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады. Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлім етті. Оның келтірген статистикасына сенсек, азық-түлік бағасы 9,3 пайызға өскен. Ол мұны кейбір тауар түрлерінің маусымға сай бағасы өзгергенімен байланыстырады. Бұл аздай халықтың да сұранысы күрт жоғарлаған деді. Карантиннің кесірінен көпшілік азықты молынан алуды жөн көрген. Бұған қоса, тасымалдау, телекоммуникациялар мен коммуналдық қызмет түрлері де қымбаттаған. Қазір қанттың бағасы 8,5 пайызға өсіпті. Ал көкөністер мен жеміс-жидектерді 5, қарақұмықты 2,5 пайызға бағасын өсірген. Бұл тағам түрлеріне халықтың сұранысы жоғары болып тұр.

Е. Карин