Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында медицина қызметкері үстемақы мен сыйақы алған

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2020
  • 2623

Бүгінде Қарағанды облысында мың үш жүзден аса медицина қызметкері, ел Президенті уәде еткен сыйақыны алып үлгерген. Оларға 139 млн теңге төленді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегі -осы. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен тағы мың 677 маман қосымша еңбекақы мөлшерінде сыйақы алған.
үстемақы
Олар вирус анықталған науқастарды тікелей емдейтіндер мен провизорлық госпитальдарда жұмыс істеп жатқан дәрігерлер мен медбикелер. Арасында науқастардан ауру жұқтырып алғандары да бар. Бір ғана Теміртау қаласында 11 ақ халаттыдан жұқпа анықталып, емхана толығымен жабылды.

Баянбек АСПАНДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Екінші сәуірден бастап коронавирус инфекциясы анықталған науқастармен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Медицина қызметкерлеріне осындай қиын кезеңде материалдық қолдау көрсетіп отырған Үкіметке, ел Президеніне алғыс білдіремін. Тәуекелге бел буған ақ халаттылардың екінші тобы ретінде, тиісті үстемеақы алдым.

Ал, Қызылжарда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге 40 миллион теңгеден астам үстемақы төленген. Бүгінде аймақта індетпен күресу үшін 459 дәрігер жұмылған. Жергелікті билік оларды қауіптілік деңгейіне сәйкес үш топқа бөліпті. Халықтың денсаулығы үшін ат салысып, көмекке ең алғаш болып келетін жедел жәрдем қызметі де бұл қолдаудан тыс қалмапты.

Жандос ЗАҒИПАР, СҚО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

24 мен 31 аралығында біз мемлекеттің қолдауымен қосымша еңбекақы алған болатынбыз. Біз осы коронавирус індетімен әрі қарай күресуге және өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз.  Тұрғындарға карантинді сақтап үйде болуға, гигиенаны сақтауға кеңес беремін.

А. Қуаш