Русский Сайттың толық нұсқасы

«Біз біргеміз!» акциясы аясында Шымкентте екі мыңнан аса отбасы көмек алды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2020
  • 3277

Карантинге жабылған Шымкентте, мұқтаж 2 мыңнан аса отбасы көмек алған.  Республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы қайырымдылық шара, бүгін қаладағы бейімдеу орталығында жалғасты.

Халықтың аз қамтамассыз етілген топтарын қолдау мақсатында, партия белсенділері таңертеңнен бастап үй аралауға кірісті. Бірінші кезекте шетелден оралған қандастарымызға қамқорлық көрсетуді ұйғарыпты. Оларға күнделікті қажет азық-түліктер мен гигиеналық заттарды жеткізді. Сақтық шарасын да ұмытпаған.

Ұн, макарон, қант сынды бірінші кезекте қажет азық-түлік үлестірілді. Карантин кезінде жұмыссыз үйде отырғандар үшін бұл үлкен көмек дейді олар. 

Дильфуза САПАРОВА:

Жеті бала-шағамыз бар, келін немерелер дегендей, бәрімізге мұқтаж едік. Мына карантин болғаны үшін ешжаққа шыға алмай қалдық. Ақшадан да былайша неғылып қалдық, турасы да енді.

Оралмандарды бейімдеу орталығын дәл қазір Өзбекстан, Қытай мен Ауғанстаннан келген 31 аз қамтылған отбасы паналап отыр. Олар жарты жыл ішінде құжатын рәсімдеп, ұл-қызын мектеп пен бақшаға жайғастырып үлгеруі тиіс. Әлі ешбірінің тұрақты жұмысы жоқ. Мына төтенше жағдай барлығының аяғына тұсау салып тұрғанын орталық басшысы жасырмады. 

Ақмарал ДОСБАЕВА, ОРАЛМАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жомарт азаматтарға өтініш жасар едім, осындай қазір карантин кезінде іште еш жақа шыға алмай, жұмыссыз, табысыз қалып кеткен қандастарымызға жомарт кісілерді көмек көрсетсе екен деген менің сондай ұсынысым бар.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында көмек қолын созуды құп көрген кәсіпкерлер қалада баршылық. Солардың қатарында бүгін екі жүз мұқтаж отбасыға «Ордабасы» индустриалды аймағының басшылығы жәрдемдесіп отыр.

Мақсат ЕРМЕКБАЕВ, «ОРДАБАСЫ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі біздің басшымыз Бертаев Рысбек Төребекұылы осындай жағдай болғаннан кейін 150 жетім балалар отбасына, 50 қандастарымыздың отбасына осылай үлкен көмек беріп жатырмыз. Айта кетсем, продуктовый корзина дейді ғой, 15 мыңнан осындай бір үлкен көмек беріп жатырмыз. 

Ерікті жастар бүгін сондай-ақ, сақтану шараларын ұстана отырып, санитарлық қорғану жиынтықтары мен бірінші кезекте қажет өнімдерді 150 жағдайы нашар жетім балалардың отбасына да жеткізді.  Жалпы Шымкентте акция аясында екі мыңнан астам отбасы көмек алып үлгерді.  22 мыңдай жанұя республикалық қордан бөлінген 50 мың теңгеге қол жеткізген.

А. Төребекқызы