Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирустан 17-нші адам көз жұмды,- ҚР ДСМ

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2020
  • 1706

Коронавирустық инфекциядан 17-нші адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өлім дерегі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Марқұм 1960 жылы туылған ер адам. Дәрігерлер созылмалы ауруы бар емделушінің өміріне араша түскенімен, сақтап қала алмапты. Айта кетсем, қазір Алматы қаласы 400-ге жуық науқаспен вирус жұқтыру бойынша көш бастап тұр.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. 8 сәуірден бастап  жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына байланысты ауыр халде орталық қалалық кленикалық ауруханада провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған сынама оң нәтиже берді.

Сонымен қатар, елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанның барлық аймағында карантин шараларын күшейту туралы қаулы қабылдады. Онда қала бойынша және аудандар, ауылдық елді- мекендер арасында блок-бекеттер орнатып карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуі керектігі көрсетілген. COVID-19 жұқтырған науқас анықталған аумақты карантинге жабу керек дейді.

Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушы тіркелген ауылды, елді-мекендерді қоршау керек деп есептейді. Қаулыға сәйкес облыстардың әкімдері халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды қоспағанда, елді-мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуға міндеттеледі.

Соңғы ақпарат бойынша, елде коронавирусты жұқтырғандардың саны 1300-ден асты. 280-ге тарта науқас жазылып шақты. Өкінішке орай, 17 адам қайтыс болды.

А. Данияр