Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда медициналық маскасыз жүрген 65 тұрғынға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2020
  • 2483

Павлодарда медициналық маскасыз жүрген көшеде жүрген 65 тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық полиция ақпарат таратты. Ал заңға бағынбай қарсылық танытқандарды 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылуда. 

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Полицейлер түңгі сағат 11-де 28 жастағы екі тұрғынды ұстады. Олар карантин режимін елемей, қорғаныс құралынсыз көшеде жүрген. Заң бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Ал Тереңкөл ауданында маскасыз жүрген 2 ауыл тұрғынына сот шешімімен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік өңір дүйсенбіден бері карантинге жабылған. Осы аралықта 190-нан астам адам режимді бұзғаны анықталды. Олардың 39-ы қамауға алынса, 115-і айыппұл төлеуге иіндеттелді. Одан бөлек, шаһарда рұқсатсыз жүрген 108 көлік айыптұрағына жеткізіліпті. Көліктер иелеріне карантин аяқталған соң қайтарылмақ.

Ө. Қуанар