Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш мегаполистің 300 мың отбасы тегін медициналық маскамен қамтамасыз етіледі

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2020
  • 2515

Елбасы бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоры есебінен үш мегаполистің 300 мың отбасы тегін медициналық маскамен қамтамасыз етіледі. «Біз біргеміз» акциясы аясында осы мақсатта 5 млн маска алынды. Елордалық 100 ерікті жағдайы төмен, көпбалалы отбасы және қарттарға маска таратуды бастады. Қалған екі миллион маска Алматы, бір миллионы Шымкент қаласына бөлінген. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Дәл осындай 5 млн маска. Көріп тұрғандай қойманың іші толы. Еріктілерге де. Басын қатерге тігіп, көмектесу мақсатында күн-түн демей жүгіріп жүрген осы қыз-жігіттер. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев еріктілердің қауіпсіздігі маңызды, сондықтан арнайы киім кигіздік, дейді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өздерінің денсаулықтарын бәйгеге тігіп, қасымызда жүрген еріктілерге алғысымызды білдіреміз. Өйткені осындай іс-шараларда тек мықтылармен ғана жеңіске жететін боламыз. Сол себепті коронавирусты жеңу үшін еріктілердің де қызметін ескеру қажет.

100-ге жуық ерікті бірнеше топқа бөлініп, масканы табыстауға кірісті. Аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен қарттарға.

Бірнеше күн ішінде 2 млн масканы елордалық тұрғындарға толығымен тарату жоспарланып отыр. Қалғаны екі миллионы Алматы, бір миллионы Шымкент қаласына бөлінген.

Ә. Өмірзақ