Русский Сайттың толық нұсқасы

«Birgemiz» қоры Алматыға 2 миллион, Шымкентке 1 млн медициналық маска жөнелтті

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2020
  • 2753

Республикалық «Birgemiz» қоғамдық қоры бөлген медициналық маскалар бүгін Алматы мен Шымкентке де жеткізілді. Ол тегін әлжуаз топтағы отбасыларға таратыла бастады. Бұл коронавирусқа байланысты құрылған қоғамдық қордың әлжуаз топтағы азаматтарға жасап отырған алғашқы көмегі емес. Орайы келгенде айтып өтейін, «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасының "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған еді.

Бетперделер тиелген автокеруен әуелі Қайнар бұлақ тұрғын алабын бетке алды. Мұнда халық тығыз орналасқан. Негізінен жалғызілікті зейнеткерлер, ардагерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар қоныстанған. «Nur Otan» партиясы жолдаған қорғаныш құралы осындағы 200 отбасыға тегін беріліп жатыр.

Жасотандықтар масканы әр отбасыға елу данадан таратып жүр. Ауыл үлкендері қазіргідей қиын кезде мұның өзі үлкен көмек екенін айтты.

Алтынкүл ЖАНҚҰЛОВА:
 
Аптекаларда почти біз бір маскада алған емеспіз. Аптекаға барсақ қашанда маска жоқ. Қолдан тігіп алуға тура келеді. Больницаға баратыны бар, басқа жақа продуктіге баратыны бар, халық маскіні күтіп отыр. Бұл да болса халыққа үлкен жәрдем. 

Нұротандықтар Қайнар бұлақ ауылын бекер таңдап алмапты. Өйткені қаланың сыртындағы бұл елді-мекенде небәрі екі дәріхана ғана жұмыс істейді. Оның өзінде қорғаныш құралдары тапшы. Мұнан соң жасотандықтар Мәртөбе және Азат шағын ауданы тұрғындарына да, масканы тегін таратты. Жасотандықтар 1 миллион масканы бірер күнде өзге де зәру азаматтарға жеткізіп берді жоспарлап қойған. Жылпы Шымкентте ұзын саны 20 мың отбасы тегін маскаға қол жеткізбек. 

Бахадыр НАРЫМБЕТО, В «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде тағы бір мәселе айтатын, қазір еріктілер масканы таратып, сонымен қатар әрбір азаматтың аты -жөнінде жазып, есеп- қисабын да жүргізетін болады. Себебі барлық маска әрбір маска бір данасына дейін халыққа жетуін біз қамтамасыз ету керекпіз.

Игі бастама Алматыда да қарқынды түрде басталған. Белсенді топ мұнда күніне 5 мың тұрғынға тегі маска жеткізіп бермекші.

Мәди АХМЕТОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаламыз бойынша 40 мың алматылық отбасыларға осы маскалар табысталатын болады. Әр қайсысында 50 данадан бұл қазіргі қиын-қыстау кезде, мына пандемиямен жаппай күрес кезінде аз қамтылған, көпбалалы сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек ретінде үлестіріліп отыр. Енді бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Еске сала кетейік, осыған дейін аталған қордың тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 23 мың алматылық 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмек алған болатын. Ал бұл жолы Республикалық «Birgemiz» қоры Алматыға 2 миллион, Шымкентке 1 миллион бетперде жіберген. 

А. Төребекқызы