Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұқпа жұқтырғандар саны 1800-ге жуықтады

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2020
  • 1915

Коронавирус жұқтырғандардың саны 1800-ге жуықтады. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Өткен түнде қауіпті індеттен Алматы қаласында ем алып жатқан екі науқас қайтыс болды. Олар 89 жастағы әйел адаммен 62-дегі ер кісі. Көз жұмған қарияда вирустан бөлек жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия сияқты сырқаттары болған. Індетті жұқтыру деңгейі бойынша Алматы қаласы бүгінде көш басында тұр. Мұнда 550-ге таяу адам жұқпалы дертпен емделуде.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Дүниеден өткен бұл адамда денсаулықтары аса ауыр халде болатын. Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.

А. Данияр