Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтық авиация 300 млрд теңге жоғалтуы мүмкін, - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2020
  • 2402

Пандемия салдарынан азаматтық авиация саласы 300 млрд теңгеден қағылуы мүмкін. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, бүгін Үкімет отырысында айтты. Министрдің дерегінше осы күнде ішкі әуе қатынастар 100 пайызға халықаралық қатынастар 98 пайызға тоқтап тұр. Осының кесірінен отандық авиация шығынға батып отыр. Карантинге дейін елде әлемнің 26 мемлекетімен 100-ге тарта әуе қатынастары болған. Дегенмен ведомства басшысы жағдай жақсаратынына сенеді. Әуе айлағын салуды да жоспарлап отыр. Алдағы 5 жылда 13 әуе айлағын салмақшы. Олардың арасында Үшарал, Үржар және Зайсан сияқты шағын қалалардағы әуежайларды жаңғыртпақ.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:


Биылғы жылы біз Түркістан қаласындағы жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үрджар қаласы әуежайын қайта жаңғартуды бастаймыз. Сондай-ақ Шымкент қаласы әуежайындағы жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы әуежайындағы аэровокзалы кешенін қайта жаңарту жалғастырылатын болады.


Д. Мұхаммедкәрім