Денсаулық сақтау министрлігінің барлық қызметкерлері коронавирустық инфекцияға тест тапсырды. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі айтты. Оған себеп министрдің бұрыңғы орынбасары Камалжан Надыровтан COVID-19 анықталды. Министрлік оның іс-сапармен Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының карантиндік нысандарын аралаған айтты. Бұдан бөлек елде 800 эпидемиолог дәрігердің тапшылығы сезілген. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай қиындаған соң, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген. Кеше Үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қызметінен босатылып, осы орынға келіп еді. Алайда, түнде жаңа басшының кеселді жұқтырғаны белгілі болып, астанадағы ауруханаға жатқызылған. Осыған орай, Тілеухан Әбілдаев әзірге қызметінде қала бермек.
Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бірнеше қызметкерлер ғана жұмыс істеуде. Осы жағдайдан кейін олардың барлығы ПЦР тестінен өтті. Ол тестің қортындысын жариялайтын боламыз қосымша.
Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың саны 700-ге жуықтады. Оның 400-дейі медицина қызметкері. Алматының бас санитарлық дәрігері қызметіне жайғасқан Жандарбек Бекшин бүгін осыны айтты. Ол ауырып жатқандардың арасында зейнеткерлердің көптігін жеткізді.
Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Короновирустан 15 мектеп оқушысы, 40 студент, шекара қызметінің 67 курсаныты, 38 шетел азматы емделуде. Науқастардың көпшілігі медицина қызметкерлері мен зейнеткерлер.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қазіргі кезең вирустың өршуіне қолайлы уақыт. Бүгін елде індетті жұқтырғандар 8 пайызға өскен. Ауруханада КВИ-ден емделушілердің 21-нің жағдайы ауыр болса, 6 адамның өмірі қыл үстінде.
Айжан ЕСМАҒАНБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Қазіргі таңда біз өршу кезеңіндеміз. Біздің мақсатымыз апталық өсу қарқынын 1-ден 5 пайызға дейін одан кейін 1 пайызға дейін азайту. Мамыр айынан кейін инфекция жоқ болып кетпейді. Ол бұдан кейін де тіркелуі мүмкін. Сондықтан, профилактикалық шараларды тұрақты сақтау қажет.
Республика бойынша аты жаман дертке шалдыққандардың саны 2100-ге жақындады. 500-ден астам адам сауығып шықса, 19 адам қайтыс болды. Айжан Есмағанбетова вирусты жұқтырғандардың саны сәуір айының соңына дейін 2700-ге, мамырдың аяғында 4000-ға жетуі мүмкін деді.
А. Данияр