Русский Сайттың толық нұсқасы

«Біз Біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік көмек тізіміне енбей қалған көп балалы отбасыларға азық-түлік себеті таратылды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2020
  • 4629

Алматыда «Біз Біргеміз» шарасы аясында әлеуметтік көмек тізіміне енбеген көп балалы отбасылар бүгін азық-түлікпен қамтылды. 400 отбасына ұн таратылды. Бұл қайырымдылыққа жеке кәсіпкер Мұхтар Зулеев ат салысуда. Ол 10 тонна ұн сатып алған. Мұқтаж жандарға көмек бірнеше күнге созылмақ. 

Мұхтар ЗУЛЕЕВ, КӘСІПКЕР:

Алдымызда келе жатқан екі күнде он тонна ұнды 400 отбасыға, мұқтаж азаматтарға құдай қаласа аман-есен жеткіземіз. Бүкіл кәсіпкерлерді, менің әріптестерімді осы менің өткізіп жатқан «Біз Біргеміз» акциясын қолдауға шақырамын.

Карантин кезінде табысынан айырылған, әлеуметтік көмекке қөажет ететін отбасыларды қолдау "Нұр Отан" партиясының алға қойған мақсаттарының бірі. Осыған орай, Жетісу ауданында 2 мың тұрғынға азық-түлік себеті дайындалуда. Сонымен қатар, партия мен еріктілер бірлесіп медициналық бетпердені де таратып жүр. Бүгін қаладағы 100 мыңнан аса адамға маска жеткізілген.

Ерлан ДАВОВ, АЛМАТЫ қ. ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ м. а.:

Көптеген тұрғындар карантин кезінде демалысқа шығуға мәжбүр болды.  Олардың балалары бар. Осыған орай азық-түлік себетімен көмек көрсетудеміз. Ауданға 210 мың медициналық бетперде бөлінген. Бүгінге дейін жартысынан астамын таратып біттік. Шара жалғасуда.

А. Кемелжан