Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандағы инфекциялық аурухана қолданысқа берілді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2020
  • 2964

Елордада жаңадан салынған модульді инфекциялық аурухана қолданысқа берілді. Төтенше жағдайдың кезінде жедел тұрғызылатын орталықты салуға бар-жоғы екі апта уақыт кетті. Клиника медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған алғашқы аурухана. Емдеу мекемесінің құрылысына BI GROUP компания жауапты.

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Құрылысқа мемлекет қазынасынан қаражат бөлініпті. Нысан - құрылыс технологиясы бойынша тез құрастырылатын модульдік блоктардан тұрғызылды. Инфекциялық орталық бір мензетте 200 науқасты қабылдай алады. 20 жансақтау бөлімін қоспағанда.

Айдан НАРЫМБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:


Темір бетоннан жасалған 111 модульдік блок орнатылды. Нысанды уақтылы тапсыру үшін тәулік бойы 1000-ға жуық қызметкер 3 ауысыммен жұмыс істеді. Бұл жобаның астында үлкен еңбек жатыр. Көп тер төгілді.

Құрылыс жұмыстары 5 сәуір күні басталған. Емдеу орталығы 1 қабаттан тұрады, палатада науқастар жалғыздан жатып, ем қабылдайды. Солтүстіктің салқын ауа райы да құрылыс кезінде ескеріліпті.

Анна ЦЕПКЕ, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін орталықтың пайдалануға беріліп жатқанына өте қуаныштымыз. Мекеме барлық стандартқа сәйкес келеді, бұл біз үшін өте маңызды. Аурухана екі аймаққа бөлінеді. Бірінде науқастар ем қабылдаса, екінші бөлігінде медицина қызметкерлері тынағады. Мекемеде 362 дәрігер қызмет етеді.


Аурухана биохимиялық зертханалар мен рентген кабинеттері, компьютерлік томографиялармен қамтылған. Мамандар, жаңа нысан ұзақ уақытқа халыққа қызмет көрсететініне сенімді. 

А. Данияр