Қарағанды
облысының Шахтинск қаласында бірнеше баласымен далада қалған екі жалғызбасты
ана пәтерге қол жеткізді. Оларға баспана Шахан кентіндегі қазандығы жарылып,
кейін қайта қалпына келтірілген үйден берілген. Мәселені шешуге «Нұр Отан»
партиясы септігін тигізді.
45 жастағы
Салтанат Рамазанова 11 жастағы ұлымен бірге жылдар бойы пәтер жалдап тұрған.
Сатушы, үй күтушісі болып жұмыс істеген ол, ауыр сырқатқа шалдығып, еңбекке жарамай
қалады. Туған-туысы жоқ жалғызбасты әйел таныстарының кеңесімен билік
партиясынан көмек сұрауға мәжбүр болған. Енді, міне, бір бөлмелі пәтер алып,
белсенділердің көмегімен үйіне жиһаз да жеткізілді. Қайырымды жандар Салтанат
Рамазанованың баласын мектепке дайындауға да көмектескен.
Ал Кристина Ястреб - балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі. 25 жастағы әйел екі баласымен әр жерде
бір күнелтіп жүрген еді. Ол да кешікпей қоныстойын тойлайды.
Салтанат Рамазанова, Шахан кентінің тұрғыны:
Мені «Нұр Отан» партиясының белсенділері өздері тауып алды. Сырқатыңызға байланысты пәтер беріледі дегенде қатты қуандым. Жиһаз әкеліп берді. Балама киім, құрал-жабдық сатып әкелді. Үлкен қолдау жасады.
Ғалымтай Қаржасов, «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары:
Енді
біздің мақсатымыз - ең алдымен жағдайы төмен, баратын жері, ағайын-туыстары жоқ
кісілерге көмектесу. Биылғы жылы 9 айда 256 адам хабарласыпты. 83 пайызы оң
шешімін тапқандай болды.