Русский Сайттың толық нұсқасы

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы басталғалы 11 жоба іске асырылған

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2017
  • 3753

Бір топ сенаторлар Ақтаудағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында болды. Дариға Назарбаева, Дархан Қалетаев, Төлеубек Мұқашев бастаған парламент депутаттары арнайы мектептің тыныс-тіршілігін көзбен көрді. Меймандарға жаңа коррекциялық қондырғы таныстырылды. Мектеп бұл құрылғыны биыл жазда «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында алыпты. Бұл бастама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобымен іске асырылған.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

Әрбір өңірдің өз жоспары бар. Бұл, ең алдымен, коррекциялық балалар мектебіне көмектесу және құрылыс алаңдарын салу, сонымен қатар спорт алаңдарын жабдықтауды қамтиды. Бұл үшін көп шығынданудың керегі жоқ. Қолда барды ұқсатып пайдаланып, спорт алаңдарын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етсе, жеткілікті. Өздеріңіз көргендей, бұл іс көп қаржыны да қажет етпейді.

Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде еліміздің 9 аймағында 11 жоба қолға алынған. Олардың бесеуі Маңғыстау облысында сәтімен жүзеге асыпты.

Ерлан Даримов, «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:

Әсіресе елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымға баса назар аударылады. Бұл үкімет тапсырмасы бойынша іске асырылып отыр. Мақсат - спорттық-әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.