«Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын отандық танымал жұлдыздар да қолдады. Бүгін Нұр-Сұлтанда бір топ өнер жұлдыздары еріктілер қатарына қосылды. Олар елордалықтарға азық-түлік салынған себеттерді дайындасты. Белсенділер бүгінге дейін шаһардағы 6 мыңнан астам отбасына гуманитарлық көмек көрсетіпті. Карантин аяқталғанша тағы 5 мың отбасын қамту жоспарда бар дейді. Ал өнер жұлдыздары жұртшылықты қайырымдылық жасауға шақырды.
Жеңіс СЕЙДОЛЛА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
Осындай сын сәтте қайырымдылық жасап, бірлігімізді көрсеткен дұрыс деп ойлаймын. Ынтымақ, сабырлылық - ол біздің қанымызда бар қасиетті дүние. Сондықтан соны ұмытпайық.
Ғ.Өтемісов