Русский Сайттың толық нұсқасы

24 мыңнан аса алматылық «Біз Біргеміз!» акциясы аясында тегін маска алды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2020
  • 2887

Алматыда 24 мыңнан аса тұрғын «Біз Біргеміз!» акциясы аясында тегін медициналық бетпердегі ие болды. Екі аптада «Nur Otan» партиясы мен еріктілері қала бойынша миллион 200 мыңнан аса маска таратыпты. Жалпы, Алматыға Республикалық «Біргеміз!» қорынан 2 миллион бетперде жеткізілген. Оны әлеуметтік санаттағы 40 мың тұрғынға тегін тарату жоспарланған болатын.

Эльдар НИЗАМДИНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


«Nur Otan» партиясының Түрксіб аудандық бөлімі 175 мың масканы таратты. Жалпы, аудан бойынша 260 мың бетперде таратылады. Яғни, 5 мың тұрғынға беріледі. Олар әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы  отбасылар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар. Басты мақсат - тұрғындардың үйде болуына барынша жағдай жасау.

А. Кемелжан