Жамбыл облысы Жуалы ауданында жауыннан кейін, сел жүрді. Тау суы бірнеше елді-мекенге қауіп төндірді. Ағына қатты лай суын көрген тұрғындар ауыл сыртына қашып шыққан. Табиғаттың тосын мінезінен тау етегінде орналасқан елді-мекендегі нысындар мен үйлер зардап шекпеген. Тек көктемгі еккен егістік алқаптарын қызыл су шайып кетті.
Төтенше жағдайға төтеп бере алмаған жергілікті жұрт, болған жайтты билікке өздері хабарлаған. Диханшылар енді шығынды есептеп, атқамінерлер көмек көрсетсе дейді. Аудан шенділері ауылдарды аралап, жағдайды бақылауға алған.
Асхат ЖАБАҒЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көктемде егілген егіс алқаптарын су шайып отыр. Арнайы комиссия құрылып, шығындары заң аясында қаралатын болады.
Б. Жұмабайұлы