Атырауда тағы да балық қырылып жатыр. Келеңсіз жағдай бұл жолы «Ақ жайық» табиғи резерваты аумағындағы Приморский каналында тіркеліпті. Табан және қаракөз балықтарының өлексесін мамандар бір апта бұрын байқаған. Содан бері 4 мың тоннаға жуық өлген балық жиналып, канал маңына көмілді. Мамандардың айтуынша, бұл - көктемгі су келу кезінде болатын табиғи құбылыс.
Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Сәуір айының басында теңізден жел ұрып, Приморский каналына су құйылғанда сумен бірге балықтар кіріп, тұрып қалған суға тұншығып қалды деген біздің алдын ала болжамымыз бар, өлген балықтардың сынамалары республикалық ветеренарлық зертханаға жолданды.
Бұдан бөлек, Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде де су маржандарына қиындық туған. Әлеуметтік желіде тараған видеода, өте көп балықтың кептеліп қалғаны байқалады. Оларға салынып жатқан көпір құрылысы қиындық тудырған. Мамандар қазір кедергілерді жойғандарын хабарлады.
Б. Нәдірқызы