Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге беріледі

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2020
  • 2746

Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагерлерге 1 млн теңге көлеміндегі бір реттік төлем тағайындалмақ. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов айтты. Сондай-ақ ол бас қаладағы 44 ардагерге карантин кезінде азық-түлік салынған себет үлестірілетінін жеткізді. Партиялықтар сыйлықтарды үлестіруге кірісіп те кеткен. Бірінші болып, соғыс ардагері Михайл Кочетковқа келді. Қан майдандағы қақтығыста төрт рет жарақат алған ол, Калининград түбінде соғысқан. Ерлігі еленген заңғар тұлға бейбіт күнде өздерін ұмытпаған жандарға алғысын айтты.

Михаил КОЧЕТКОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Біз үшін ең бастысы адамдардың көңілі. Одан асқан сыйлық жоқ. Әр мереке сайын келіп, осылай қуантып жүргендерің үшін рақмет. Елімізде тек ғана бибітшілік пен ынтымақ болсын.

Ғ.Өтемісов