Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауылда некелесу саны азайып, ажырасу көбейді

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2020
  • 4011

Ауылда да некелесетіндер азайып, ажырасатындар көбейген. Биыл 41 мың неке қиылса, оның 16 мыңға жуығы ажырасып тынған. 2018-ші жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 15 пайызға жоғары, деп хабарлайды ranking.kz порталы. Қалаға келетін болсақ, ажырасу бойынша 44 мың дерек тіркелген. Жылдық өсім 7,2 пайызды құрады. Жалпы ел аумағында 3 айда 139 мың неке қиылған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысына тиесілі. Үштікті Түркістан облысы қорытындылайды. Ажырасу көрсеткіші бойынша да, Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Олардың қатарын Қарағанды облысы қорытындылайды.

Ә. Өмірзақ