Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жұмыссыздар саны көбеюі мүмкін, - Б.Нұрымбетов

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2020
  • 2704

Қазақстанда жұмыссыздардың саны көбейеді. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін 4,8 пайыз болса, енді 5,9 пайыз құрауы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжам жасады. Бұған себеп коронавирусқа байланысты түрлі саладағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуы. Жағдайдың жақсаруы карантин режимінің жеңілдетіліп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қалпына келтіруге байланысты, деді.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесі қиын болады. Біз министрлік деңгейінде болжам жасадық. Карантинді әлсіретудің негізгі көлемі маусым-шілде айларында болса, жұмыспен қамтуды толық қалпына келтіру ағымдағы жылдың 4 тоқсанында күтіледі.

Сондай-ақ бүгіннен бастап, Қазақстанда 42 500 теңге алу үшін өтініш қабылдау тоқтатылды. Жалпы осы уақытқа дейін табысынан айралған 4,5 млн адамға қаржылай көмек көрсетілген.

Ә. Өмірзақ