Русский Сайттың толық нұсқасы

42500 теңге екінші рет неге берілмеді?

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2020
  • 8426

42500 теңге екінші рет неге берілмеді? Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленетін өтемақыға өтінім екінші айда қанағаттардылмады. Редакциямызға хабарласқан Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғыны осыған наразы. Айтуынша, сәуір айының басында берген өтініші мақұлданып, 8 сәуір күні алғашқы айдың төлемі түскен. Мамыр айында келесі төлем тағайындалады деп үміттенген. Бірақ бұл жолы берілмейтіні хабарланған. Тыңдап көрейік.

Серік АУПОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екіншісінде беретін шығар деп үміттеніп едік , екіншісінде маған берілмейді деп келді. Жұмысым такси ИП арқылы налогымның барлығын төлеп отырмын. 6 айлық көрсеткіш зейнетақы жинағын, сақтандыру, медициналық сақтандыру барлығын төлегенмін. Көп мекемелер жұмыс жасайды айлықтарын алып отыр. Оларға да түскен жұмыс жасамайтындарға неге түспейді деп мен соны сұрап отырмын.

Осы мәселе бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарластық. Бізбен байланыста Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Бейсембаев бар екен.  Қайырлы кеш, Бауыржан Қасымханұлы! Шағымды естідіңіз. Азаматтың өтініші бойынша жәрдемақы бірінші айда тағайындалған. Ал енді екінші айда берілмеуіне не себеп болды?

Бауыржан БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Саламатсыз ба? Бұл жағдай бойынша келесідей айтуға болады. Аупов Серік Жаумытбаевич бойынша 9 қаңтарда 2020 жылы. Өйткені ол кісінің жеке кәсіпкерлікпен айналысатынына байланысты жарналардың барлығын төлеп қойған, әлеуметтік төлемдерді. Сондықтан біз ол кісі бізге жүгінген кезде 42500-ге, біз ол кісіге тағайындадық. Өйткені, ол кісі сайт арқылы берген кезде ол кезде әр адам өзі туралы ақпарат берген кезде өзінің табысын жоғалтқан туралы растайды. Сондықтан біз ол кісіге тиісті бұйрық бойынша әлеуметтік төлемді тағайындадық. Ол кісі бірінші айында алды.

Өтінім не себепті кері қайтарылды? Қала карантинге жабылған, естігеніміздей жеке кәсіпкер екен.

Бауыржан БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Кейін 16 сәуір күні ол кісіден жеке кәсіпкер ретінде әлеуметтік аударымдар түседі. Сондықтан бұл кісі жеке кәсіпкерлікті яғни жұмысын бастап кетті бұл кісі. Сондықтан ол кісіге жүйеге түскен ақпарат бойынша бұл кісі жұмыссыз емес деген ақпарат түсті. Сол үшін екінші төлем тағайындалмайды.

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқарма басшысы Бауыржан Бейсембаев. Хабарласқан көрермен сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр