Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери міндеттілер марапатталды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2020
  • 2917

"Қазақ сарбазы - ұлт айбыны". Осындай атаумен Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан арнайы әскери міндеттілер ротасының жеке құрамымен кездесті. Бұл шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған. Депутат төтенше жағдай кезінде блок-бекеттердегі қауіпсіздік пен қаланы залалсыздандыру жұмыстарына ат салысқан 40 әскери міндеттіге мақтау қағазын табыстады. Айта кетсем, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында жүз әскери міндетті ерікті түрде әскер сапына қосылған.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Мемлекетіміздің бас қолбасшысы,президентіміздің жарлығымен осы пандемия дарияланған кезде өз еркімен сұранып келген осындай азаматтар. "Арландар" ротасы деп аталады осы Нұр-Сұлтан қаласында. Қандай жерде қандай қажеттілік бар сол жердің бәрінде алдыңғы сапта жүгіріп жүріп қызмет қылған азаматтар. Қандай алғысқа болсын лайықты деп ойлаймын.

А. Данияр