Русский Сайттың толық нұсқасы

Лас-Вегастағы атыстан 50 адам мерт болып, тағы 200-ден астамы жараланды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2017
  • 3186

Ал, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы атыс салдарынан мерт болғандар саны 50 адамға жетті. Тағы 200-ден астамы түрлі жарақат алған. Оншақты тұрғынның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 

Куәгерлердің айтуларынша, қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен. Ол Mandalay Bay казиносының 32 қабатына шығып, тоқтамастан оқ жаудырған. Бұл жерден орталық алаң жақсы көрінеді. Қаскөй оқ ашқанда алаңда кантри музыка фестивалі өтіп жатады. Адамдарды нысанаға алған қылмыскерді құрықтау үшін, арнайы операция жүргізіліп, қаскөйдің көзі жойылды.

Құқық қорғаушылар мұздай қаруланған адамның 64 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Қазір  азиялық нәсілді әйел адам іздестіріліп жатыр.