"Бек Эйр" әуе компаниясынан билет ақысын қайтарып алу бойынша түскен арыздың саны 670-ке жеткен. Ал жалпы қаражат 44 млн. теңгеден асты. Бұл - 1217 билеттің бағасы. Мұндай деректер бүгін Алматыда әуе компаниясына қатысты өткен онлайн-сотта айтылды. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің өкілі Әлихан Шакеновтың айтуынша, өткен сот отысырынан бері арызданушылардың саны артқан. Ал, аталған әуе компаниясы болса, өтелмеген қызметтің ақысын қайтаруға асығар емес, деді
Әлихан ШАКЕНОВ, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
Менің ойымша айыпталушы тарап, тұтынушылардың алдындағы қарызды қайтаруға асығар емес. Істі соза бергенше, қарызды есептеп, жолашылардың ақшасын қайтарып беретін уақыт болды.
Тараптар бүгінгі сот отырысында да ортақ шешімге келе алмады. Кезекті сот отырысы келесі аптаға белгіленді. Айта кетейік, "Бек эйр" әуе компаниясына тиесілі "Фоккер-100" жолаушылар ұшағы өткен жылдың 17 желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына жолға шыққан әуе кемесінде сол сәтте 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған еді. Апаттан 12 жолаушы қаза тапты.
А. Кемелжан