42 мың 500 теңгенің айналасындағы дау-дамай басылар емес. Ел азаматтарының айтуларынша өтемақыға қатысты сауалдарға жауап беретін - 1414 нөмерлі Call орталығынан мардымды жауап жоқ. Ондағы операторлар мәселені тыңдап, тиісті мекемемен байланыстырудың орнына, жан-жаққа сілтейді,- дейді. Ең қызығы, "Астана телеарнасының" жұмыс нөмерін де берген. Редакциямызға тынымсыз қоңырау шалып жатқан көрмендерді, алдымен тындап көрейік.
Айгүл ТӨЛЕПОВА:
Мен 1414 номеріне хабарласқан едім, жаңа. Ол 42 500 теңге жөнінде жауап бере алмаймыз дейді. Сіз мына телефон номеріне звондасаңыз, осы кісі жауап береді ,-деді. Сөйтіп бізге сіздің телефон номеріңізді берді 1414.
Айнұр САГИМБАЕВА:
Номерді қайдан алдыңыз? -сіздің номеріңізді мен 1414-тен алдым. -осылар шешеді деп айтты ма сізге?- иә, осылар шешеді деді. Иә, осылар шешіп береді. Тексеріп береді деді.
Берік НҰРҚАСЫМОВ:
Қайда хабарласып тұрғаныңызды білесіз ба? - маған осы номерді берді ғой. -Кім берді? -1414-тен берді. -1414-ке қашан хабарластыңыз? -Бүгін хабарластым. -Колл орталық мамандары жіберді ма? - Иә, осы номерге хабарлассаңыздар, осы кісілер жөнін айтады. ИИН-ді айтсаңыз, болады, болмайтынын айтады, деді. Жаңағы обедттер бері хабарласып жатырмын сіздермен. - Сіз дәл қазір қайда хабарласып тұрғаныңызды білесіз ғой? - Екінші Колл центр деді ғой бізге. -Операторлар сөйтіп айтты ма? -Иә. -Бұл негізі "Астана телеарнасының" номері. Жұмыс номері.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Өкінішке қарай, біздің редакциямызға "аталған Call орталық арқылы шығып отырмыз" деп хабарласқандардың санында есеп жоқ. 2 күннің өзінде 1000-нан аса қоңырау түссе, 2000-ға жуық адам хабарлама жолдаған. Тұрғындардың өтемақыға қатысты сауалдарына жауап беру үшін арнайы құрылған жедел телефон желісі әу-бастағы мақсатын неге атқара алмай отыр? Бұл сауалды біз желіге жауапты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаментіне қойғымыз келіп тұр. Байланысып көрейік. Дәл қазір корпарацияның басқарушы директоры Мұрат Жұманбай бізбен тілдесуге дайын екен. Мұрат мырза, қайырлы кеш! 1414 нөмеріне хабарласқан халықтың базынасын тындадыңыз. Бұған не айтасыз?
Мұрат ЖҰМАНБАЙ, ҚР «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Саламатсыздар ма! Сіз айтқандай, бұл желі тек 42 500 теңге бойынша кеңес беру үшін құрылмаған. Бастапқыда бұл онлайн қызметтерді алу үшін құрылған. Нақты 42 500 бойынша қазіргі сұрақтардың дені не себепті төлемді төлемей жатыр деген сұрақ. Біз ол бойынша жауап бере алмайтындығымызды біле тұра біздің операторлар бұл сұраққа жауап бермейді. Ал біздің 1414-ке звондаған кезде, бірден бөлек желі қосылады. Онда 42 500-ді неге төлемегендігі туралы ақпаратты еңбек министрлігінің келесі электронды почтасына хат жазу арқылы білуге болатыны туралы ақпарат автоматты түрде жазылған.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
1414-тен біздің арнамыздың номері қайдан шықты?
Мен түсіндім. Біз тексеріс жүргіздік. Бірде-бір оператор бұл номерді бермек түгілі, білмейді де. Бұл туралы консультация бермейді де. Жазылып алынған дауыстық жауап бар. Онда бұл номер жоқ. Онда екі пошта көрсетіледі. Еңбек министрлігіне. олар бұл номерді сіздердің жаңалықтарыңыздан көрген. Тексеріс болды. Ешқандай олқылық жоқ. Адамдар шатасуы мүмкін. Себебі, олар барлық жерге звондап жатыр. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Біз сөйлестік. Сол номерлермен. Олар 1414-тен емес. Жаңалықтардан көрдік деді.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Рақмет жауабыңызға! Бұл олқылықтар түзеледі деп сенеміз. Құрметті көрермен, Астана телеарнасы 42 мың 500 теңге төңірегіндегі мәселелер үшін жауапты емес. Мәселе ушыққан жағдайда қолдау көрсетуге әзір. Экрандағы нөмер карантин кезінде берілетін өтемақыға бола ұйымдастырылған жоқ. Ол жылдар бойы тұрғындардың қордаланған әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдесдесуді мақсат етеді. Дейтұрғанмен, халықты толғандырған сауалдардың бірнешеуіне жауап іздеуді жөн көрдік. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне шығып көрейік. Бізбен тікелей байланыста басқарма басшысы Бауыржан Бейсембаев бар екен. Бауыржан мырза, қайырлы кеш! Ел азаматтарының дені 42 500 теңгенің тағайындалғаны туралы хабарламаның келіп түскенімен, әлі күнге дейін бірде-бір рет төлем алмағандарын айтады. Бұл мәселе қайдан шығып отыр?
Бауыржан БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Мұндай жағдайда бірнеше себеп болуы мүмкін. Әлі күнге дейін түспеген. Ең басты себептерінің бірі ретінде мынау өтініш берген сәтте өтініш беруші жеке шот номерінің дұрыс болмауы немесе өзінің шотын көрсетпеуі сияқты мәселелер болуы мүмкін. Бірінші айдың өзінде 900 мыңнан астам осындай өтініш бар болған. Яғни, жеке шот номері дұрыс немесе басқа біреудің шоты болып танылғандықтан.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Жақсы, рақмет. Негізі халықты мазалаған сауал бұл ғана емес. Арасында бірінші айда еш қиындықсыз 42 500 теңгені алып, екінші айда өтінім қанағаттандырмағаны туралы хабарлама алғандары да бар. Олар карантин кезінде табыссыз қалмағанын айтқан. Алайда, дені әлі жұмыссыз отырмыз деп дабыл қағып жатыр. Сонда сіздер азаматтардың кіріссіз қалғанын қалай анықтап жатырсыздар?
Бауыржан БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕҢБЕК БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Карантин режимінің жұмсартылуына байланысты кейбір кәсіпрындар мен ұйымдардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. сондықтан оларға әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылды. Бұл табысын жоғалту фактісін Еңбек министрлігінің және басқа мемлекеттік органдардың интеграциялық ақпараттық жүйелерінің келіп түскен ақпараттар негізсіз. -Егер де ережеге сәйкес болса, әрбір өтініш қаралып, зерделеніп, оларға төленетін болады.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Рақмет! Көрермендеріміз өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды деп ойлаймыз. Бізбен тікелей байланыста болған министрлік өкілі Бауыржан Бейсембаев. Қымбатты көрермен, сізді мазалаған мәселер болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдай аласыз.
А. Мүтәлі