Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2017
  • 4501

Мемлекеттік қызметте отырған партия мүшелерінің арасында Әдеп кодексіне қайшы әрекеттерге жол берген азаматтар бар. Мәселен, бір жыл ішінде 123 партия мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл әсіресе жемқорлықты тудыратын себеп-салдарды жойып, лауазымын асыра пайдалану сияқты құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы істер.

Ақмола облысының Бурабай ауылында өткен семинар-кеңеске қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, партиялық бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің негізгі бағыты - мемлекеттік органдардағы жемқорлық, экономикалық қылмыстың алдын алу, қоғам ішінде сыбайлас жемқорлық мәселелеріне бей-жай қарамау мәдениетін қалыптастыру   

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты партиялық бақылауды бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырады. Партияның стратегиялық құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын бақылау, партия мүшелерінің тәртібін қадағалау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары. Біздің партиямыз - қазақстандықтардың басым көбі қолдайтын ұлт көшбасшысының партиясы, парламент мәжілісіндегі көпшілік орынға ие саяси партия.