Русский Сайттың толық нұсқасы

1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2020
  • 3740

1 маусымнан бастап Қазақстанның ішінде пойыздар жүре бастайды. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен комиссияның отырысында белгілі болды. Бұдан бөлек, бүгіннен бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылды. 18 мамырдан бастап қонақ үйлер, сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастайды. Жаздық дәмханалар мен құлшылық ететін орындарға да рұқсат берілмек. Ал, пойыз билеттері 15-ші мамырдан бастап сатылымға шығады.

А. Данияр