Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирусты ультракүлгін сәулесінің жоюы мүмкін бе?

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2020
  • 1858

Ультракүлгінді сәулелер патогенді вирустар мен бактериялардың көбін өлтіреді. Бұл коронавирустың жойылуына да әсер етуі ықтимал. Қазақстанның жетекші инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева осындай болжам айтты. Сондай-ақ бүгін елде COVID-19-ды жұқтырудың 158 жағдай тіркелген. Республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны: 5500-ден асты. Жазылып шыққандар: 2500-ға таяса, 32 індеттің құрбаны болды.

Динагүл БАЕШЕВА, ЖЕТЕКШІ ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:

Ультракүлгінді сәулелер патогенді вирустар мен бактериялардың көбін өлтіреді. Яғни күннің ысуы сөзсіз әсер етеді. Бірақ адамдар қауіпсіздікті ұмытпауы керек. 1-1,5 метрлік ара қашықтықты сақтауы шарт.

Әлемде де дертті жұқтыру бәсеңдемей тұр. Дүниежүзінің 4 жарым миллион халқынан вирус табылған. Ауру ошағы Қытайда да дерт қайта тіркелген. Елдің солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласына карантин режимі енгізілді.

А. Данияр