Русский Сайттың толық нұсқасы

150 гектар егістік алқабы жарамсыз халге түсті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2020
  • 4507

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы егістік алқапты- бұршақ жарамсыз халге түсірген. Еңбегі еш кеткен шаруалар редакциямызға хабарласып көмек сұрады. Айтуларынша, жергілікті әкімдіктен қайыр жоқ. Дихандар жауын-шашыннан келтірілген залалды есептеп қойған. Тыңдайық. 

Айбек АБДИХАЛИКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

8 мамыр күні ғой жауған жауын.Жауынның ақыры селге айналды,сел бұршаққа айналды. Жерді таптап, егіп қойған егістікті таптап жаншып жіберді. Жерде еш нәрсе қалмаған. 60 гектар мақталық алқап, шығып қалған мақтанып басын қиып қырқып өткен таптап. Қауын-қарбыз бақшамыз 80 гектар, жүгері-машымыз 10 гектар. Өзіміздің әкімшілікке барып едік: "Сіздер сақтандыру құймасаңыздар мемлекет тарапынан ақша бөлінбейді, ешқандай ақша жоқ", - деп бізді шығарып салды бүгін.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе байланысты Түркістан облысының шенділерімен байланысып көрсек. Бізбен Жетісай аудандық Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Абуов тілдеседі. Қайырлы кеш, Марат Сманұлы! Сіз тікелей эфирдесіз. Дихандарға әкімдіктің тарапынан ешқандай көмек болмайды депсіздер. Бұл рас па? Сіздер көмектеспесеңіздер, кім көмектеседі?

Марат АБУОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Саламатсыздар ма? Бұл мәселеден аудан әкімдігі хабары бар. Ол шаруаларға жаңағы айтқандай ешқандай жәрдем берілмейді деген мәселе болмайды. Шаруалардың мәселесі назарға алынған. Қазіргі таңда барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, шаруаларға жәрдем берудің жолдары, басқада шаралар қабылданып жатыр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Нақты қандай көмек көрсете аласыздар? Осыған толығырақ жауап берсеңіз.

Марат АБУОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір енді біздің тарапымыздан шаруалардың зардап шеккен жерлеріне қайтадан егісін жүргізу үшін шит алып беру жағынан, минералдық тыңайтқыштардан , сол жерде көрші шаруалардың техникасын жұмылдыру. Қосымша несие аламыз десе  арзан пайызда несие алу сияқты  жолдары қазір қарастырылып жатыр. Жақын арада сол жұмыстарды қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізіледі.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізге хабарласқан шаруаның жалпы шығыны 50 миллион теңгеден асады екен.  Шаруалар қыруар несие алған екен. Жергілікті биліктен шаруа қожалықтарына қандай да бір жәрдем бола ма? 

Марат АБУОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл шаруалардың несие алған несие ұйымдарымен де жұмыс жүргіземіз. Несиені төлеу мерзімін кейінге шегеру мәселесін де қарастыратын боламыз. Шаруалардың мәселесі әкімдік тарапынан бейжай қалмайды.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған аудандық Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Абуов. Хабарласқан көрерменнің мәселесіне жергілікті билік атүсті қарамайды деп ойлаймыз. Қымбатты көрермен, сізді де мазалаған  мәселе  болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, видео немесе аудио жолдай аласыз. 

А. Данияр