Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэла тұрғындары аштан өлмеу үшін жануарлар қанымен қоректенуде

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2020
  • 3747

Аштан өлмеудің амалы. Венесуэла тұрғындары аман қалу үшін жануарлар қанын ішуге мәжбүр. Коронавирустың салдарынан мемлекет дағдарысқа ұшырап, халық аштыққа тап болды. Перу жұртшылығының да жағдайы мәз емес. Бұл елдің балғындары өсімдік тамырларымен қоректенуде. Жаһандық зауал көптеген елдерді тығырыққа тіреді.

Чили астанасы Сантьягоға жайлы өмір іздеп келген Венесуэла босқындарының жағдайы нашар. Карантин енгізілген соң жаппай жұмыссыз қалған. Баспана жалдауға шамасы келмейтін босқындар қоқыс ортасында тұрып жатыр. Шекаралар жабық. Елшілік жанында лагерь бой көтерді. Айтуларынша араларында індет жұқтырған адам жоқ.

Ирамариз ЧАКОН, ВЕНЕСУЭЛА АЗАМАТЫ:

Екі ай баспана арендасын төледім,төлей алмай қалған соң мені далаға қуып шықты.Елшіліктен үімітім үзілді.Бізге көмектеспек түгілі,амандаспайды.
   
Алехандро ПАРАДА, ВЕНЕСУЭЛА АЗАМАТЫ:

Біз Венесуэланың қиын экономомикалық жағдайына байланысты осында келдік.Егер онда жұмыс болса, ешқайда кетпес едік.Өзге елде өмір сүру өте қиын.Біз ешкім емеспіз.
   
Венесуэланың өзінде де жағдай мәз емес. Ел тұрғындары аштан өлмеу үшін ірі қара малдың қанын тегін алуға кезекке таласады. Етікші Эриберто Каррильо аптасына бір рет келетінін айтты. Бұл елде және көрші Колумбияда сиырдың қаны сорпаға қосылатын ингредиент болып есептеледі екен.

Эриберто КАРИЛЛЬО, КАРАКАС ТҰРҒЫНЫ:

Мұқтаждықтан осында келіп, азғантай сиыр қанын алам.Өзіме және үй жануарларына.

Десире МАРКЕС, КАРАКАС ТҰРҒЫНЫ:
 
Таңғы ас әзірлеп жатқанда түсте және кешке  балаларыма не беремін деп ойланып тұрамын.Өте қиын.Ұйқы жоқ,күлкі жоқ.Олар тек күрішпен қоректенеді.Басқа ештеңе жоқ.Ет жегісі келеді.

Дәл осындай қиын жағдайға Перудің  байырғы халқы да тап болды. Титикака көлінің жағасындағы адамдар туризмнің арқасында күн көрген. Пандемияға байланысты шекара жабылғалы бұл жаққа келетіндер сап тиылды. Үкіметтен еш көмек жоқ. Балалар жергілікті өсімдіктердің тамырын жеп жүр. Олардың жалғыз азығы сол.

Роза СОАНА, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

Ішерге тамақ жоқ.Өйткені бақша егетін жеріміз жоқ.Бұрын бізді туризм құтқарып келген еді.Туристер келмеген соң не істерімізді білмей дағдарып қалдық.Перу Президенті мен билігі бізді аяңыздаршы.

Дамыған елдер қатарындағы Оңтүстік Африка да қайырымдылық көмек алғысы келетіндер саны қисапсыз. Претории тұрғындарының тоқсан пайызын Зимбабве және өзге де кедей мемлекеттен келген заңсыз мигранттар құрайды. Заң бойынша олар үкіметтен көмек алуға құқы жоқ. Екі айға созылған карантин жағдайында олардың көбісі аштыққа тап болды.Қиналған халықтың тірі қалуы қайырымдылық ұйымдарының қолында.

Юсуф АБРАМЖИ, КООРДИНАТОР:

Бұл адамдар аш,жағдайы төмен,кедей,әлсіз кәріс кісілер және азаматтық қоғам,сонымен қатар мемлекетттік емес ұйымдар.Біз бүгін 10 мың қап жүгері ұнын,дезинфекция заттарын,азық-түлік үлестіреміз.Маска береміз.Бұл адамдар әбден күйзеліп отыр.


Зауал келместен бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Венесуэланы гуманитарлық жағдайы нашар он мемлекеттің бірі деп таныған еді. Елдегі 30 миллион адамның тоғыз миллионға жуығы тойып тамақ жемейді. Көбісі жайлы өмір сүргісі кеп көрші елдерге ауған. Қазіргі таңда Перуде 80 мыңға жуық адам індет жұқтырып, Латын Америка бойынша екінші орынға шықты. Ал өндірісі көш ілгері саналатын Оңтүстік Африка республикасында 13 мыңға тарта жағдай тіркелген. Бұл бақуатты Еуропаға қарағанда едуәір төмен көрсеткіш.

А. Сүйімбаева