Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қоғамдық көліктердегі жолақы төлемін бақылайтындар екі айдан бері жалақы алмаған

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2020
  • 2659

Атырауда қоғамдық көліктердегі жолақы төлемін бақылайтындар екі айдан бері жалақы алмаған. Айтуларынша мекеме құрылғалы бері зейнетақы қорына бірде-бір төлем аудармаған. Арнамызға шағымданған бақылаушыларды тындап, мәселені зерттеген тілшіміздің тақырыпты толықтырады.

Бұл- қоғамдық көлік бақылаушылары. Олар жолақының кондуктордың қалтасына кетпей, жолаушыларға билет берілуін тексереді. Күннің аптап ыстығы мен қыстың аязына қарамай бір ревизор күніне 40 автобусты тексеруі міндетті. Алайда ақпан айынан бері жалақы алмаған. Жығылғанда жұдырық дегендей, елдегі жағдайға байланысты олар соңғы екі айдан бері жұмыссыз отыр.  

Валентина АЛМАЗ:

 
Бізге айдың басында, договор бойынша 10ына дейін беріліп болу керек. Бірақ әлі жоқ. сол біздің талап ететініміз.  Үлкен кісілердің пенсионкасы бар. Қалған адамдардың ақшасын берсін.Бастыққа жассақ, группадан мені шығарып жіберді. Телефон жауап бермейді. Телефон көтермейді. Договор берген жоқ әлі. Договорым жоқ. 4-5 ай болды, әні берем, міне берем. 


Назгүл ШУЛАҚОВА:
  
Кейбірі 42500ді ала алмай отыр. Себебі пенсионный накопление жоқ, аударылмаған соған да қарап отыр мысалы. Квартира жалдап, бала -шағасы бар ақша таба алмай отырғандар бар мұнда. Бізге басшылық пока ақша жоқ, ақша болған күні өзіміз хабарлаймыз, береміз,- дейді.


Ал зейнетақы төлемі аударылмағандықтан Фарида Талдығариева босануға дейінгі және кейінгі жәрдемақысын рәсімдей алмай жүр. Жуырда босанып, сәбиі қырқынан да шығып үлгерген.

Фарида ТАЛДЫҒАРИЕВА:

После родовой да тапсыра алмай отырмын. После родовой алу үшін соц начисление қарау керек. Мен до родовой да, после родовой да ақшамды ала алмай отырмын. Балам болса босанып тастадым. Уже 40ынан астық. Қырқынан шықтық. Өзіміз пәтер жалдаймыз. Времянка жалдаймыз. Үш балам бар.

Ашынған бақылаушылардың айтуынша, заңды жалақысын сұраған қызметкерді жұмысқа қоспай қояды.  Шыдамы шегіне жеткен олар еңбек инспекциясына арызданды. Алайда жауапты компания Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгендіктен, мұндағылар тексеріс жүргізе алмаймыз,- дейді.

Игілік ӘУБЕКЕРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қолданыстағы заң аясында біз бұл арыздардың бәрін өздеріміздің әріптестерімізге Нұр-Сұлтанға бердік. 3 күн мерзімде заңда көрсетілген мерзім бойынша. Сол әріптестеріміз тексеріс ашу керек. Бірақ көп арыз түскеннен кейін, 8 арыз түсті. Біз мекеменің басшысымен сөйлестік телефон арқылы. Бізге мәлімет берген бойынша, осы айдың аяғында мамыр айының аяғында бүкіл берешектерді жабамын деп уәде беріп отыр.

Десе де, уәде тағы да уәде күйінде қалатын сыңайлы. Бақылау-ревизорлық қызметінің басшысы Нұрсұлтан Советбек төтенше жағдай аяқталып, жұмысшылар қызметіне кіріспейінше, жалақы бірілмейді деп кесіп айтты. 

Нұрсұлтан СОВЕТБЕК, БАҚЫЛАУ-РЕВИЗОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қалада карантин біткеннен кейін біздің жұмысшылар жұмысқа шыға алады. Жұмысқа шыққаннан кейін осы ақпан, наурыз айларының жалақыларын алады. Бізде девизорлық берешек бар кейбір автопарктерден. Маусым аяғына дейін толық налогтарды төлейміз.


Уәдесін тағы бір айға жылжытқан мекеме басшысы жалақы үшін 1 миллион 500 мың теңге, ал салық төлемдеріне 5 миллион теңге берешек екен. Қарыздан құтылу үшін мекеме автобус парктері қаражат аударғанын күтпек. Айына 85 мың теңге алатын бақылаушылар болса, уақытында жалақы бере алмай отырғандарға өкпесі қара қазандай.

Б. Надирқызы