Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы жантүршігерлік оқиға

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2020
  • 3211

Аяусыз қатігездік. Таразда жаға ұстатарлық қанды қылмыс болды. 10 жастағы қыз баланың өліміне күдікті ретінде 15 жастағы ағасы қамалған. Куәгерлердің айтуынша, аға мен қарындас арасындағы қылмысҚа планшет себеп болған. Ағасы қарындасының басын балғамен жарып, өлтіріп қойған, дейді көршілер. Қанды оқиға жексенбіде болған. Жантүршігерлік бұл жағдай бүТін бір отбасын ойран етті. Аймақтағы әріптесім тақырыпты жалғастырады.

Көршілердің өзі бұған әлі сене алар емес. Айтуларынша отбасында 5 бала бар. Үлкені 15 жаста. Қашықтықтан оқу үшін мектеп оған уақытша пайдалануға планшет берген. Ағасы мен қарындасы кешкісін сол құрылғыға таласып қалған. Артынан үй ішіндегілер ұйқыға кеткенде қарындасын балғамен ұрып, көшеге шығарып тастаған,- дейді куәгерлер. Онымен қоймай қарындасы жоғалғанын айтып, барлығын аяғына тік тұрғызыпты. Қансырап, қайтыс болған қыз баланы көшеден тапқан да сол көршілері екен.   
       
Куәгерлер бұл отбасының тәрбиесі түзу болғанын айтады. Ұлы момын, қызы пысық еді деп еске алады. Жасөспірімнің неліктен қолын қанға бояғанын, енді тергеу анықтамақ. Дегенмен құзырлы орындар іс кәмілет жасына толмағандар арасында болғандықтан, деректерді жария ете алмайтындарын айтты.   

Жүніс МАМЕТҚҰЛ, ТАРАЗ қ. №2 ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ондай ақпараттарды біз нақты айта алмаймыз. Себебі күдікті жасқа толмағандықтан оған сот псиохолиялық сараптама тағайындалады. Сол сараптамалық қорытындылармен қылмыстың неге болғаны анықталады.

Қайғыдан қан жұтқан отбасының бұл балаларынан өзге кәмілет жасына толмаған тағы үш баласы бар. Ал, аяусыз қатігездік көріп бұл өмірімен қоштасқан 10 жастағы қыздарын кеше жерлепті.
 
Б. Жұмабайұлы