Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық келіншек жеті айдан бері әділдік іздейді

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2020
  • 3445

Тараздық келіншек 7 айдан бері әділдік іздейді. Ол осынша уақыт бойына жазықтылар жазаланбай келеді дейді. Анасы мен баласының өліміне, ішімдік ішіП көлік апатын жасаған күзет агенттігінің қызметкерлерін кінәлайды. Тараздық тәртіп сақшыЛарынан күдер үзген Іңкәр Жақаева, енді Ішкі істер министрлігінен көмек сұрап отыр.

Іңкәр Жақаева үшін 26-шы қазан қаралы күн саналады. Ол өткен жлы дәл сол күні жол апатына түсіп жақындарынан айрылған. Оның айтуынша сол апаттан енесінің аяғы сынып, алған жарақаты ажалына себеп болған. Жәбірленушінің де жамбасы сынып, ауруханаға түскен. Ішінде алты айлық сәбиі бар әйелге кесір тілігін жасауға тура келген. Алайда шақалақ көп ұзамай шетінеп кетті дейді. 

Іңкәр ЖАҚАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сіз ойлаңызшы, мен түскен кезде удар ішімнен алдым. Бала алмады ма ол ударды? Экспертизаға барғанда да көрдім сол детский врачтарды да сол жерде ше. Мен айттым анау кісіге де, травматологқа: «Саған қауіп төніп тұрған жоқ». Мен неге балдақпен жүрмін, сіз маған тұрып кетесіз дедіңіз 3-ақ аптада. Мен бұны 2 айдан кейін 3-айда айттым оған. «Мен өзімнің тірлігімді істедім, болды кеттім»- деп экспертизада маған. «Ол жерде ешқандай қатысы жоқ» - деп нестеп берген.


Іңкәр сол күнді әлі үреймен еске алады. Көлікте 4 адам болған едік, бағдаршамға тоқтап тұрғанда, бүйырден жеке күзет қызметінің көлігі соқты дейді. Қатты соққыдан екі көліктің де сау-тамтығы қалмағанын айтады. Жол апатына кінәлілер, ішімдік ішкен деп отыр.

Болат ДИЛШОТ, КУӘГЕР:

Авариядан кейін бізді экпертизаға алып кетті. Экспертизаға барған кезде мен соткамды қосып алдым. Кәріп барғанда за рулем болған күзеттегі баланы түсіріп алдым көрсетпей. Градуснигін көрсеткен кезінде мен айттым рұқсат па түсіріп алғанға. Жоқ бұны кім кіргізді шығып кетсін деді сол кезде. Оның бәрін жазып алдым. Сосын шығарып жіберді сотрудниктер. Екінші баланы кіргізген кезде таза болып шығып келді. Ал екуі де ішіп алған етін негізі.


Алғашқыда көмек береміз деген күзет агенттігінің өкілдері кейін хабарсыз кетіпті. Аталған мекемені бізде іздеп көрдік. Сайтарында көрсетілген мекен-жайға барғанымызда есікті ешкім ашпады. Қоңырау шалдық, басқа жаққа көшіп кеткендерін айтты. Ол жаққа да барғанымызбен басшысын орнынан таппадық. Бір қызығы қызметкерлері жол көлік апатына жасаған агенттік, қазір басқа атпен жұмыс істеп жатқанын білдік. Полицияның айтар өз уәже бар екен.  өуытатын емес. Олардың айтуынша, жол көлік оқиғасы дерегі бойынша 7 сараптамаға тағайындалған. Тергеу ісінің ұзап кетуіне солардың қорытындысы шықпауы себеп деп ақталды.

Асан СМАЙЫЛОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Сот сараптаманың қорытындысына сай Лада автокөлігінің жүргізушісі, көлікті орташа дәрежедегі алкагольдік масаң күйде болғаны анықталды.
-яғни кінәлі болып отыр ғой күзет компаниясы?
- Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі, балаға қатысты қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды, Ал апаға Абдрахманова Халимаға қатысты комиссиялық сот сараптамасы тағайындалды. Сот сараптамаларының қорытындыларын күтіп жатырқ қой, соған байланысты іс созылып жатыр.


Қара күзде ет жақындарынан айрылған отбасы, кінәлілер заңды түрде жазасын алса дейді. Сот сараптамасы шыққан соң ғана іс қайта қолға алынбақ. Ал оның қашан шығатынын тергеушілердің өзі айта алар емес.

Б. Жұмабайұлы