Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бір жарым жастағы бала жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2020
  • 2953

Атырауда бір жарым жастағы сәби жоғалып кетті. Бір тәуліктен бері бөбекті полиция таба алар емес. Бала кеше түскі бірлер шамасында үйінен шығып, көшеге бет алған. Бұл сол маңдағы тұрғын үйлердің бірінің бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Әрі қарай не болғаны әлі күнге беймәлім. Көрген білген ешкім жоқ, дейді әжесі.

ӘЛИДІҢ ӘЖЕСІ:

Көз алдымда осы ойнап отырды. 1-ші класс оқитын қызымның сабағын салып отырдым. Көз арасында шығып кетті бәрі. Бір заманда мына қыз келді, мама Али жоқ деп. Содан тұра шаптық. Көршімізге телефон соғып, бала бар ма шарбақта деп. Жоқ,-деді.

Қас қылғандай кешелі бері қалада жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан полиция мен еріктілер іздеуде. Бүгін ұлттық гвардияның сарбаздары да көмекке келді. Бірақ нәтиже жоқ. Оларға кинологтар да көмекке жетті.  Тіпті дрон ұшырып, жан-жақты толық шолып шығыпты.

Ерлан БИҒАМБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұлдыз мөлтекауданында 51 көше орналасқан. Көшеге толықтай қызметкерлер және тұрғындар жіберілген болатын. Барлық ауланы аралап, құдықтар және басқа да жерлерді тексеру, колодецтер дейміз т.б жерлерді тексеріп осы бағытта жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта нәтиже жоқ.

Б. Надирқызы