Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда шаруалар көкөніс пен бау-бақшадағы өнім көлемін жыл сайын арттырып отыр

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2020
  • 2930

Атырауда климаттық қиындықтарға қарамастан шаруалар көкөніс пен бау-бақшадағы өнім көлемін жыл сайын арттырып отыр. Махамбет ауданындағы егіс алқабын аралаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов осылай деді.  Аудандағы "Темірлан - Агро" қожалығы 55 гектар жерге Италиядан әкелінген көшеттерді отырғызуды жоспарлаған. Ал бес жыл бұрын, сегіз мың көшет отырғызған «Рамазан» қожалығы биыл алма шырыны цехын іске қоспақшы. «Дастан» шаруа қожалығы болса, биыл жаңадан 10 жылыжайды іске қосқан. ұдан бөлек, аймақ егістік аумағын 9 мың гектардан асыруды көздеп отыр.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір елімізде ауыл шаруашылығына ерекше басымдық берілуде. Өңіріміздегі климаттық қиындықтарға қарамастан, біз де осы саланы қолдауды күшейтеміз. Республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлініп жатыр. Мал басы көбейіп, егіс көлемі ұлғайып, жылыжайлар саны артты.


Б. Надирқызы