Русский Сайттың толық нұсқасы

«Biz Birgemiz» республикалық акциясы аясындағы көмек жалғасуда

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2020
  • 3812

Елбасының бастамасымен қолға аланған «Біз Біргеміз» акциясы Алматыда жалғасып жатыр. Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы екі мың отбасы азық-түлік себетін алды. Рамазан айындағы қайырымдылық шараға "Нұр Отан" партиясы мұрындық болды. Шара кәсіпкер Абдулхалил Долкунтайдың қолдауымен өтті. Әр отбасыға 30 келілік себет табысталды. Көмекке ие болған тұрғынның бірі - жалғызбасты ана Рабиға Алмағамбетова. Мүгедек қыз тәрбиелеп отырған ана жұмысқа шығуға мүмкіндігі жоқ. Ал, партияның көмегіне шын зәру болғанын айтты.

Рабиға АЛМАҒАМБЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Бізге бүгін Нұр Отаннан көмек көрсетіп жатыр. Ол да болса Құдайға шүкір рахмет! Дәрінің өзіне көп ақша кетеді. Өзім де ауруыммен есепте тұрмын. Оған да бірталай ақша керек, бірақ бірінші кезекте қызымның жағдайы.

Жылпы бүгін бір күннің ішінде 50 тоннадан аса азық-түлік таратылды. Әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрайды. Азық-түлік себетін еріктілер санитарлық талап бойынша жеткізіп берді.

Абдулхалил ДОЛКУНТАЙ, КӘСІПКЕР:

Әрбір отбасыға 30 келі көмек көрсетіп жатырмыз. Халқымыз үлкен отбасы болғандықтан Нұр Отан партиясы бірге көмектесіп, әрбір үйге таратуға дайын болып тұр. Тек мұны жасаған жоқпыз. Өзім азамат ретінде ана кезде Мақтаралға 60 тонна ұн, макарон, май шұғыл жібергенбіз.

А. Кемелжан