Алматы облысындағы блок-бекетте қаза тапқан полицейдің тұңғышы ,кеше ғана қырқынан шығыпты. Қазадан бас көтере алмай отырған жақындары кінәлілердің қатаң жазалануын талап етеді. Марқұм Дастан Әбдіқанов қала сыртындағы Көксай ауылында болған жантүршігерлік апаттан кейін ауруханаға төсегінде көз жұмған еді. Ал оның 42 жастағы әріптесі Жарас Жанғазиев оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қазір полиция Департаменті ауыр апаттан тағы бір адамның жараланғанын айтты. Әріптесім Әсем Лесбек жалғастырады.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Қайғылы жағдай таңғы сағат 5-тер шамасында қала сыртындағы мына Көксай ауылында болған. Қожабекова көшесімен солтүстік бағытқа келе жатқан «BMW» автокөлігі осы тұрған төртінші бақылау- өткізу бекетіне соқтығысқан. Қатты соққыдан мұндағы бетон қоршаулар қирап патрульдік көлікке зақым келген.
Жүйткіген жылдамдық сол патрульдік көлік салонында отырған 42 жастағы полицей Жалғас Жанғазиевтың өмірін жалмады. Аға-лейтенант жедел-жәрдем келместен, бақилық болған. Ал оның қасындағы әріптесі Дастан Әбдіханов аурухана төсегінде көз жұмды. Оқиға куәгерлері жедел-жәрдем жылдам келмеді деп отыр.
Фарида САФАРОВА, КУӘГЕР:
Далаға шықсам тұман былай үлкен. Шум, кто-то кричал, кто-то плакал. Көмектесіңдер тәте марлы, бинт берің. Матрас әкелдік баланы шығардық. Біреуін шығарта алмадық. Скорая кеш келді, жарты сағаттан кеш келді.
Апаттан көз жұмған екі полицейдің де артында аңырап балалары мен жұбайлары қалды. Марқұм Жалғас Жанғазиевтың өсіріп отырған екі қызы болса, Дастан Әбдіхановтың сәбиі кеше ғана қырқынан шыққан.
Қайғыдан көкірегі қарс айрылған жақындары кінәлілер тиісті жазалануы қажет дейді.
Камал ҰЛДАХАНОВ, ЖИЕН АҒАСЫ:
Тиісті жазасын алу керек қой, ол қызметте тұрған адамдарды аямаған адам, халыққа не істейді ол. Баламыз жақында ғана балалы боп, қырқынан шығарып қуанышқа бөленіп отыр едік мінекей. Қайғыға әкеліп соқтырды да кетті. Жазасын алсын кінәлі адам.
Қазір полиция департаменті апат салдарынан тағы бір қызметкерлерінің жарақат алғанын айтты. Ауыр соққыдан Ербұлан Сейдазым есімді азаматтың басына зақым келген. Қазір ол жансақтау бөлімінде деді. Сондай-ақ, ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкенін растады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш дерек, Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-тармағы бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі таңда кінәлі жүргізуші қамауға алынып, ол міндетті түрде істеген қылмысы үшін заң алдында жауап береді. Оның мас күйінде тізгенге отырғаны бұл ауырлататын мән-жәй. Сондықтан сот өз шешімін шығарған кезде бұл жәйтті ескере отырып жаза бөлшерін едәуір көптеу береді.
Департамент өкілдері, кінәлі азаматты анықтаған. Ол 28 жастағы Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Естеріңізге салсақ, бұған дейін дәл осы блок-бекетте осыған ұқсас жағдай болған еді. Ащы суға сылқия тойып алған көлік жүргізушісі бекеттегі кедергілерді соғып, тәртіп сақшысын жаралаған болатын.
Ә. Лесбек