Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық тұрғын қызына 6 ай бұрын тағайындалған дәріні ала алмай жүр

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2020
  • 2451

Арнамызға 6 ай бойы қызына берілуі тиіс дәріні ала алмай жүрген ана хабарласты. Тараз қаласының тұрғыны, баласы «ювенильді идиопатиялық артрит», яғни буындардың созылмалы қабыну ауруына шалдыққан. Жылына бір мәрте елордадағы Ана мен Бала орталығына келіп қаралады. Өткен жылдың қазан айында дәрігер бұрын қабылдап келген дәріні тоқтатып, жаңасын тағайындаған. Бірақ арада қанша уақыт өтсе де дәрі дәріханада жоқ.

Аиида МАЛДЫБЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Лефно деген дәрі. Аптекада жоқ екен. Шымкент, Алматы барлық жерді барып көрдім, жоқ дейді. Қазір енді карантин деп еш жер бізді қабылдамай жатыр.

Дәрі неге берілмеді және қашан беріледі? Біз бұл сұрақтың жауабын табу үшін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық құрал-жабдықтар бөлімінің басшысы Гүлжазира Сейітжанқызы. Қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Жаңа қала тұрғынының мәселесін естідіңіз. Неге 6 айға жуық уақыт өтсе де дәрі берілмеген?

Гүлжазира ИБРАГИМОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДСБ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол кісінің дәрісі сатып алынбағаны мердігер тендерлік процесдураларға шықпаған. Алайда қазіргі уақытта емхананың өзі де, ДСБ тарапынан біз де тендерді өткізгелі жатырмыз. Бірінші кезеңде емхананың өзі қамтамасыз етеді, кейін біздің тараптан. 

Дәрі енді қашан беріледі?

Гүлжазира ИБРАГИМОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДСБ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тендерлік процесдуралар бітсін, ол шамамен 2 аптадай уақыт алады.

Дәрі әлі Қазақстанға әкелінбесе дәрігерлер неге оны тағайындаған? Әлде мұндай жағдайлар жиі қайталана ма?

Гүлжазира ИБРАГИМОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДСБ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Егер де дәрі ҚР аумағында тіркелмеген болса және науқастың диагнозы қазақстандық науқастардың тізіміне енген болса, онда біз оны министрліктің рұқсат хатымен бір рет әкелумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Алайда регистрацияда жоқ дәрілерді тағайындаған жағдайлар да кездеседі.

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Бізге хабарласқан көрермен алдағы уақытта дәріні алады, қызының жағдайы жақсарады деген ниеттеміз. Айта кетейін, бізбен байланыста болған Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық құрал-жабдықтар бөлімінің басшысы Гүлжазира Ибрагимова. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз.

Ә. Өмірзақ