Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ресей Федерациясына қарсы санкциялар сақталуы тиіс", - Ангела Меркель

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2020
  • 1936

"Украинаның Донбасына қатысты Минск келісімінде оң өзгеріс болмаса Ресейге қарсы санкциялар сақталуы керек". Германия канцлері Ангела Меркель бүгін осындай мәлімдеме жасады. Дегенмен Меркель ханым ресми Мәскеуді ренжіткісі келмейтін сияқты. "Ресеймен қатынасты барынша жақсартуымыз", керек деді Германия канцлері.

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІ:

Егер Минск келісімінде ілгерлеу байқалмаса онда Ресейге қарсы сакцияларды сақтау қажет. Келер жылы Еуроодаққа төрағалық етуіміз кезінде біз, қарым қатынастарға жаңа серпін беруге тырысамыз. Халықаралық қатынастардағы бүгінгі жағдайды барынша ашып айтуымыз керек.

Айта кетеу керек. Ресейге қарсы санкцияларға қатысты Германияда кейінгі күндері қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Ресми Берлин мұның алдында бірнеше рет санкцияларды азайту керек деген мәселе көтерген еді. Оның бір себебі, Германияның Ресеймен бірге қолға алынған "Солтүстік ағым-2" атты бірлескен жобасы. Бұл желі арқылы Мәскеу Еуропаға газ жеткізбек болған. Алайда, халықаралық санкциялардан кейін бұл жоба тоқтап қалды.

Д. Мұхаммедкәрім