Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда бірінші топ мүгедегі өзіне тиесілі үйді алалмай әлек

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2020
  • 3290

Таразда бірінші топ мүгедегі өзіне тиесілі үйді ала алмай әлек. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тегін үй алдық деп қуанған мүгедектің қуанышы ұзаққа созылмапты. Екі көзі мүлде көрмейтін еңбек ардагерінің айтуынша, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшылары бірнеше жылдан бері алдап келеді. Бір бөлмелі үйге кіргізіп, құжаттарын рәсімдеуге келгенде былықтың беті ашылған.

Сексенді алқымдаған Махамеджан Тайсенгиров бірінші топтағы мүгедек. Оның екі көзі мүлде көрмейді. 2005 жылы үй кезегіне тұрыпты. Оған үй қатынастары туралы заңына сәйкес мемелекеттік тұрғын үй қорынан тегін баспана берілуі тиіс. Алайда ақсақалды алдап, жекешелендіру құқығынсыз жалдауға бір бөлмелі үй берген. Оны екі күннен кейін тұрғын үй қатынастары бөліміне құжаттарын алуға барғанда, бірақ білген.

Махамеджан ТАЙСЕНГИРОВ, 1 ТОП МҮГЕДЕК:
 
Мен өзім асматикпін, өзім язвомын, жүрек аудары екі көзім жоқ. Жылда сандалып қанша расходқа, ауруыма ауру қосып жатырмын мен. Айтатыны өтірік, постоянно алдайды ертең дейді бүрсүгіні дейді.


Қарияның қамқоршысы қызы да, әкімдіктің осымен екінші рет алдағанын айтады. Тұрғын үй қатынастары бөлімін сотқа берген. Сот шағымданушылардың пайдасына шешім шығарған. Шешімнің шыққанына төрт ай өтсе де тірі адам тіл қатпаған. Әділдік іздеп арнамызға хабарласқан мүгедек қария көмек сұрайды.

Гүлмира ТАЙСЕНГИРОВА, ҚЫЗЫ:

Бізге бір бөлмелі үй беріп қойған. Екі бөлмелі үй беру керек. Алдап жекешелендіру үй деп кіргізді бізді. Екінші үй бұл. Соттық құқықтарын шығарған шешімдерін орындамай отыр. Алдап қулығын асырып отыр. Бармаған жеріміз жоқ. Құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырдық уже. Бір жыл болды соттасып жүргенімізге. Қайда әділдік қайда.

Мән жайды білуге тұрғын үй қатынастыры бөліміне бардық. Қақпасы жабық. Кейін бір маман шығып, мекеме карантинге жабылғанын хабарлады. Телефонмен тілдесейік деп басшысына қоңырау шалдық, бірақ тұтқаны көтермеді. Әйтеуір екі күн жүріп әкімдіктегі бір маманынан жауап алдық. Оның өзі тілдеспеді, тек ватсап желісі арқылы аудио жазба жіберді. 

Диля СОКЖАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 13 бабына сәйкес пәтерді жекешелендіру үшін, алдымен азаматша жалдау келесімшартын алуы тиіс. Осыдан кейін барып жекешелендіру тәртібіне сәйкес. Керекті құжаттарды тапсыру арқылы. Арнайы құрылған комиссия отырысына сол құжаттарды ұсынғаннан кейін және сол отырыстың шешіміне сәйкес жекешелендіру шарты рәсімделетін болады.


Гүлмира Тайсенгированың айтуынша мұндай жағдай аймақта өте көп.  Аталған мекемемен соттасып жатқандар жетерлік деді. Олар қадалаушы органдар қайда қарап отырғанына аң-таң.

Б. Жұмабайұлы