Русский Сайттың толық нұсқасы

Интернетке көшкен ойынханалар анықталды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2020
  • 2063

Алматыда заңға қайшы жұмыс істеп келген электронды ойынхана анықталды. Экономикалық тергеу депуартаменті мен полиция қызметкерлері бірлесе жүргізген рейд кезінде көлеңкелі кәсіпке арналған 50 дана компьютер анықталды. Кассадан заңсыз айналымдағы 210 мың теңге тәркіленді. Іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айта кету керек. Бұл, Алматыда бірінші рет анықталып отырған ойынхана емес. Жыл басынан бері 50-ге тарта заңсыз ойын залдары жабылып, 28 қылмыстық іс қозғалды.

Жақсылық МЫРЗАХАН, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Алматы қаласы аумағында компьютерлік клубтың атын жамылып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307 бабы, яғни, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Кемелжан