Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғыздар-өзбектер шекарасында тағы жанжал

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2020
  • 2997

Қырғыз бен өзбек шекарада тағы жанжалдасып қалды. Кезекті қақтығысқа айыпты кім? Мұны енді екі ел билігі бірлесіп іздестірмек. Бұл туралы Қырғыз Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейін, кеше кешке шекарадағы екі ауыл тұрғындары бұлақ суына таласып, соңы төбелеске ұласқан. Наразы топ бірін-біріне тас атып, үйлерін өртеуге дейін барды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға басу айту үшін, оқиға орнына екі елдің де өкілдері келді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрмек болды. Алайда, бұдан түк шықпаған сияқты. Қақтығыстан ауыр жарақан алғандар бар.

Қырғыз Республикасы келтірген деректерге қарағанда, қақтығыс кезінде жүздеген адам түрлі дене жарақатын алыпты. Қырғыз жақтан 15 өзбек жағынан 145 адам жапа шекті.

А. Мүтәлі