Бүгін маусымның 1-і халықаралық балаларды қорғау күні екені белгілі. Балалар қорғанысы қандай деңгейде? Қостанай облысындағы жағдайға құлақ түріңіздер. Тобыл өңірінде балаларға қатысты зорлық деңгейі көңілге қонымсыз. Жыл басынан бері бұл аймақта 32 жасөспірім зорлық көріпті. Бозбалалар арасындағы қылмыс деңгейі де төмендемей тұр. Биыл мұнда 600-ден аса қылмыс тіркелген. Темір торда телмірген балалар саны қырықтан асыпты. Кешкісін көше кезіп қылмысқа ұрынып жүрген жеткіншектерде аз емес. Түнгі мезгілде баласын бетімен жіберген 650-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Ал, еліміз бойынша полиция есебіне алынған отбасылар саны 8 мыңнан асқан.
Нұргүл ӘУБӘКІРОВА, А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
Зорлық-зомбылықты көріп өскен балалар бұлар психологиялық зақымданып және олар өзі қол жеткізетін нәрсесін тек зорлық-зомбылықпен қол жеткізу керек деп ойлайды өзінің қажеттелігін күш көрсету арқылы.Сонымен ата-анасынан зорлық көріп өскен бала бұлар болашақ зұлым-тиранға айналуы мүмкін.
З. Санай