АҚШ-тағы жаппай бейберекетке себепші болған Джордж Флойдтың өліміне полицияның айыпты екені ресми түрде расталды. Мұны Флойдтың отбасы жалдаған тәуелсіз сарапшылар анықтады. Бұл ақпарат қоғамы ашуын өршіте түскенге ұқсайды. Митингтер 75 қалаға жайылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп болса твиттер-дегі парақшасы арқылы халықты тәртіпке шақырды.
Бейбіт митингтер арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бейберекет көптеген ірі қалаларға жайылды. Ел астанасында демонстранттар қоқыс жәшіктерін өртеп, көліктерге от қойған және дүкендерді қирата бастаған. Атланта, Детройт, Лос-Анжелесте де осы жағдай. Ал, Портлендте сот ғимараты өртенді. Полицияның күйі келмеген кейбір қалаларға ұлттық гвардия кірді. Демонстранттарға қарсы олар көз жасаурататын газ қолданды.
Бейберекет отын тұтатқан Миннеаполис шаһарында болса полиция наразы топ жағына өтті. Олар, шоқпарларын тастап халық алдында тізе бүкті. «Қара нәсілділердің де өмірі маңызды» деген ұран тастады. Минеполистік полиция әрекетін кейнінен өзге штаттағы тәртіп сақшылары да қолдады.
Том ХЭНСОН, ПОЛИЦИЯ ОФИЦЕРІ:
Осы қалада тұрып жатқаныма 28 жыл болды. Мен сіздерді құрметтеймін! Бейбіт наразылыққа шығу Заңды құқықтарыңыз. Біз сіздердің қауіпсіздікте болуларыңыз үшін қолданк елгеннің барлығын жасаймыз.
Дегенмен полиция тәртіп бұзған 4 мыңға жуық адамды тұтқындады. Дені, дүкен тонағандар. АҚШ-та құқық қорғау органында қызмет ететін жерлесіміз Димаш Ниязов бұл жағдайға байланысты былай деді.
Димаш НИЯЗОВ, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Бейбіт наразылыққа шыққандар мен бүлікшілер арасында үлкен айырмашылық бар. Полиция қатыгездігіне қарсы шыққандарды әрине қолдаймын. Алайда, тонаумен айналысып жүргендердің әрекетін түсіне алмаймын.
АҚШ-тағы толқылулар әлемге тарады. Еуропа, Жаңа Зеландия және Аустралия халқы да бейбіт митингіге шыға бастады. Олардың да ұраны "Расизмді жою".
Джонни ГАРЛЕТ, ҚАТЫСУШЫ:
Нәсілге байланысты бөліп-жару АҚШ-та ғана емес бүкіл әлемде бар. Біз мұндай әділетсіздіктен шаршадық. Өмір бойы осымен күресіп келем, бірақ нәтиже байқалмайды. Әкем де атам да өзгерісті көрмеді. Бұл түбі азаматтық соғысқа әкелуі мүмкін.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дональд Трамп Ақүйдің қауіпсіздік протоколына сәйкес бункерге жасырынған. Деседе АҚШ Президенті қол қусырып отырған жоқ. Өзінің твиттер-дегі парақшасы арқылы ол халықты тәртіпке шақырды.
Ә. Өмірзақ