Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі 2 мыңға жуық ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2020
  • 2484

Елдегі 2 мыңға жуық ауыл әлі күнге дейін интернет желісіне мұқтаж. Байланыстан қол үзген елді-мекендерде желіні қолжетімді ету заман талабы. Осылай деген мәжіліс депутаттары алыс-жақынды сапалы ғаламтормен қамту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілісмендер желінің сапасын арттыру үшін байланыс операторларына телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскелерін ресімдеуді оңайлату керек, - деді. Заң жобасы күшіне енсе, алдағы 2 жылда халықтың 97 пайызы сапалы интернетпен қамтылмақ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин желі мәселесі шешілсе, электорндық қызметте қолжетімді болатынына сенімді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық Кеңес отырысында білім және денсаулық салаларын заманға сай реформалау туралы айтқан болатын. Осы жолда, әрине цифрлық және электрондық қызметтердің қажеттілігі өте маңызды. Сол үшін осы Заң жобасына енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді Интернетпен қамтамасыз етуге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Ғ.Өтемісов